Өмірбаян
Мен Тілемісов Жандарбек Бекжанұлы 28.09.1984 жылы Түркістан облысы, Шардара қаласында дүниеге келдім. Ана тілім - қазақ тілі. 1991 жылы қыркүйек айында Шардара қаласының Шардара жалпы орта мектебінің 1-сыныбына қабылдандым.
1997 жылдың тамыз айында отбасылық жағдайымызға байланысты, Түркістан облысы Келес ауданы Қошқарата а/о Бесауыл ауылына көшіп келдім. 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Келес ауданына қарасты №27 Н.Тілендиев жалпы орта мектебінің 8-сыныбына қабылдандым. 2001 жылы аталған мектептің 11 сыныбын бітірдім.
Отбасылық жағдайым: 2007 жылы Алтынбекова Аягөз Адилбекқызына үйлендім. 2008 жылы Бекжан Нұрбақыт, 2011 жылы Бекжан Нұрсайын,2014 жылы Бекжан Аяжан, 2017 жылы Бекжан Аяла,2019 жылы Бекжан Еркежан ұл - қыздарым дүниеге келді.
2002 жылы Шымкент қаласындағы орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің химия және биология мамандығы бойынша оқуға қабылдандым. 2007 жылы аталған оқу орнын бітіріп шықтым. 2014 жылы Келес ауданына қарасты №30 «Мыңтөбе» негізгі орта мектебіне биология мамандығы бойынша жұмысқа қабылдандым. 2017 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндеті қоса жүктелді. Аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және биология пән мұғалім қызметін атқарып келемін.
Мен және менің жақын туыстарым қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.
Өмірбаян
Мен Арсабаев Олжас Данабекович 1990 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Бесауыл ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы №85 «Мыңтөбе» бастауыш мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым. 2000 жылы Н.Тілендиев мектебінде оқыдым . 2007 жылы мектеп бітіріп шықтым. 2007 жылы ОҚМУ Био технология бөліміне түсіп, 2011 жылы аяқтадым. 2012 жылы Қазақстан инженері педагогикалық халықтар достығы университетіне түсіп, 2014 жылы информатика мамандығын алдым. 2014 жылы Келес ауданындағы №85 «Мыңтөбе» негізгі орта мектебінде инфарматика пән мұғалімі болып жұмысқа кірдім.
2015 жылы Бектаева Арайлым Мұхтарқызына үйлендім. 2017 жылы Данабек Раяна, 2020 жылы Данабек Абай дүниеге келді. Қазіргі кезде №30 «Мыңтөбе» негізгі орта мектебінде инфарматика пән мұғалімі және 2021 жылдан бастап Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (ДТІЖО) болып жұмыс атқарып келемін.
Мен және менің жақын туыстарым қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.
Өмірбаян
Мен Боздахов Жумабек Тасбауұлы 1975 жылы О.Қ.О Келес ауданы Калинин ауылында дүниеге келдім. 1985 - 1982 жылдар аралығында 1 сыныпқа қабылдандым. 1992 жылы Калинин ауылындағы №80.Н.Тілендиев жалпы орта мектепбін жақсы бағамен аяқтап шықтым. 1992 жылы қырқүйек айынан «Шұғыла» ЖШС – ға жұмысқа қабылдандым. 1998 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ- Түрік университетіне түсіп, 2003 жылы аталған университетті бүкіл әлем тарихы мамандығын бітіріп шықтым.
Отбасылық жағдайым: Мен 2005 жылы Момынова Айман Шамшидиновна мен шаңырақ құрдық. 2006 жылы Тасбау Алихан, 2007 Тасбау Сандуғаш, 2012 жылы Тасбау Балзия есімді ұл қыздарым дүниеге келді.
2013 жылы Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясына өз мамандығым бойынша мұғалім болып жұмыс істедім. 2019 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Бесауыл ауылы №30 «Мыңтөбе» негізгі орта мектебінде директордың шаруашылық жөніндегі меңгерушісі болып жұмысқа қабылдандым. Қазіргі таңда осы жұмысты атқарып келемін.
Мен және менің жақын туыстарым қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.